Семей тұрғындарының атына 19 млн теңгеге нәсие рәсімдеген алаяқ ұсталды

509
көрілім
Шартты фотосурет

Семейде өзін ломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел қала тұрғындарының атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ірі көлемде алаяқтық жасаған 28 жастағы әйел адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

– Бұрын сотты болған ол түзелгеннің орнына қайтадан қылмыс жасаған. Тергеушілердің анықтауынша, өзін автоломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел кепілдікке қойылған мүлікті төмен бағада сататындығын айтыпты. Жәбірленушілердің сеніміне кіріп құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін олардың атынан онлайн несие рәсімдеген. Осылайша алаяқ 12 адамды 19 миллион теңгеге жуық шығынға батырды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар Өскемен қаласында 18 адамды тұзаққа түсіріп, 9 млн теңгеден астам пайда көрген 41 жастағы ер адам ұсталды. Ол тұрғындарға әлеуметтік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетіндігін айтып алдаған.