Семей тұрғыны алаяққа 90 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасатпақ болған

3099
көрілім
Шартты фотосурет

Жақында Семей қаласының Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 40 жастағы әйел хабарласып, өткен жылы қараша айының соңында белгісіз біреудің алдап-арбап, 90 мың теңгесін иемденіп кеткендігін айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, аялдамада бейтаныс әйел жолығып, алдау жолымен тұрғынның ақшасын қалтаға басқан. Белгілі болғандай, алаяқ жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп сендірген.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы қала тұрғынын анықтап, бөлімге жеткізді. Алайда күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.