Семей тұрғыны әпкесінің атына несие ресімдеген

650
көрілім
Шартты фотосурет

Сәуір айының басында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне 25 жастағы тұрғыннан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес тұрғын наурыз айының 29-ы күні белгісіз біреу жеке деректері мен ғаламтор ресурстары мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оның атына қала банктерінің бірінен 30 000 теңге сомасында ақшалай несие ресімдегені туралы айтты.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында несиені оның оның туған сіңілісі деректерін пайдалана отырып ресімдегені анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін ШҚО Полиция департаменті төмендегі кеңестерді басшылыққа алуды ұсынады:

- үшінші тұлғаларға банк карталарының деректемелерін, CVV-кодтары мен құпиясөздерді бермеу;

- тауардың сапасы мен оны қолға тиген соң көз жеткізіп төлем жасауды;

- онлайн-несие рәсімдеуді болдырмау үшін бөгде тұлғаларға өзінің дербес деректерін бермеу ;

- ақшаны көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспау.