Семей тұрғыны сібір елігін заңсыз атқан

3568
көрілім
Сурет ШҚО ПД

Ақпан айының басында Жарма ауданының полиция қызметкерлері «Омбы-Майқапшағай» тас жолының бойында сібір елігін атқан Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұсталған кезде 55 жастағы күдіктінің әріптесіне тиесілі «Volkswagen» көлігі, өзінің атына тіркелген 16х2 калибрлі «ИЖ-58» мылтығы, 7.62 мм калибрлі «Вепрь-Супер» мылтығы, 7.62 мм калибрлі екі гильза, пышақ және атылған елік тәркіленді.
- Келтірілген залал 765 000 теңгеден астам сомаға бағаланды. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, оған міндетті келу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, - деліген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 337-бабының 3-бөлігіне (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.