Семей тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде еткен алаяққа 3,5 миллион теңгеге жуық ақшасын берген

6917
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының ортасында полиция қызметкерлері өткен жылдың тамызы мен қазан айлары аралығында болған алаяқтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

49 жастағы Семей тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесемін деген бейтаныс адамға 3 400 000 теңгеге жуық ақшасын берген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері 57 жастағы құрылыс компаниясының директорын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

– Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген мәліметте.