«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде өңір полицейлері кезекті есірткі қылмысын ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Семейде есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын реттемек болған 38 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Жедел уәкілдер қаскөйді қылмыс үстінде ұстады. Тінту барысында оның үйінен 25 келіден астам марихуана есірткісі табылды.
- Күдікті марихуананың ірі партиясын 335 дана полиэтилен пакетке салып, оларды қала жастарына одан әрі сату үшін дайындады. Қазіргі уақытта оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сараланады және сот санкциясымен ол қамауға алынды, - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.