Семейде 12 аялдаманы жөндеуге 30 млн теңге бөлінді

833
көрілім
Шартты фотосурет

Қалада 12 аялдама павильондарын дайындауға және құруға бюджеттен 30 335 000 теңге бөлінді. Бұл туралы жиын барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Серғазинов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта қалада 505 аялдама бар, олардың 307-і әртүрлі аялдама павилиондарымен жабдықталыпты. 45 аялдамада сауда павильоны орналасып, павилион иелерімен аялдамаларға қызмет көрсету туралы келісім жасалған.

– Былтыр қалалық бюджеттен аялдама павилиондарын жөндеуге 7 000 000 теңге бөлінген. Биылғы жылы 12 аялдама павилиондарын дайындауға 30 335 000 теңге бөлінді. Жұмысты жергілікті мердігер ұйым «КАZТЕХЦЕНТР» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі күні 7 аялдама павилионы құрылды: Абай алаңы, Көпір, Протез зауыты, Волгоградская және Өрлеу көшелері бойынша Мешіт аялдамасында 2, Волгоградская көшесі бойындағы жаңа павилион. Қалған 5 павильон 2020 жылғы 1 шілдеде құрылған – дейді Нұрлан Серғазинов.

Аялдама пунктеріне жанасқан территорияны тазалаумен тұрақты негізде мердігер ұйым, «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МҚК айналысады. Сонымен қатар аялдама пунктеріндегі автобустардың қозғалыстары туралы тақтайшалар әзірлеу жұмысы жүргізілді. Жалпы бұл мақсатқа 10 288 000 теңге бөлінді.

– Аялдама павилиондарының артқы қабырғаларын бұзу фактілері жиі орын алды. Орындықты сындырып, артқы қабырғасындағы мырышталған қаңылтырларды шешіп әкетеді. Аталған фактілер бойынша тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында қалалық полиция басқармасына хаттар жолдануда – дейді Нұрлан Серғазинов.

Жалпы, аялдама павилондарына қызмет көрсетуді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрақты бақылауда.