Семей қаласында талай мәрте ұрлық істеген қалташы құрықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Көпшілік жұмысқа немесе оқуға аттанған сәтте қоғамдық көлікке мінетін 25 жастағы жұмыссыз ер адам семейліктердің қалталарын «тазалап» отырған. Осындай жолмен тұрғындарға 1 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірген қалташыны полицейлер көп ұзамай қолға түсірді.