Семей қаласында 26 және 37 жастағы құныққан қалта ұрылары қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, соңғы екі айда тұрғындар тарапынан автобустағы ұрлық жайлы шағымдар көбейіп кеткен. Осыған орай тәртіп сақшылары әккіленіп алған қалта ұрыларын құрықтау мақсатында жедел алдын алу шараларын жүргізді.
– Шара барысында екі күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта Семей қаласы тұрғындарының 18 рет қалта ұрлығын жасағаны белгілі болып отыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
semeyde_18_ret_urlyk_zhasahan_eki_er_adam_us
52