Семей қаласында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 500-ге жуық заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтер өткізді. Осылайша, 3 күн ішінде 481 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
– Көлік құралын жүргізіп келе жатып, ұялы телефон пайдаланған 34 адам жазаланса, 73 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбей қойған. Сонымен қатар түрлі заңбұзушылық жасаған велосипед, мопед жүргізушілері және жаяу жүргіншілер жазаға тартылды, - деді Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Радик Сайфудинов.