Семейде 42 жастағы алаяқ құрықталды

909
көрілім
Фотосурет top.st сайтынан

Қаңтардың 4-і күні Семейде 36 жастағы әйел адамнан заңсыз жолмен 1 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, әккі әйел осыған дейін де тәртіп бұзған. Өткен жылғы маусым айының соңында «Қарағайлы» шағын ауданында арзан бағамен пәтер алып беремін деп алдап соғып, 36 жастағы әйел адамнан заңсыз жолмен 1 млн теңге көлемінде ақша иемденген. Уәде етілген баспанасын ала алмаған тұрғын қалалық полиция басқармасына шағымданып, тергеу барысында алаяқтың еш жерде жұмыс істемейтіндігі анықталды. Бұдан кейін тергеу тобы ақша аударылған чекті тәркілеп, аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.