Семейде 4 жасар баланы өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

467
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Семей сотында жан түршігерлік істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға былтыр қыркүйек айында болды. 4 жасар бүлдіршін күтуші мен оның 38 жастағы күйеуінің үйінде қалған.
- Ер адам мас күйінде жас балалардың көзінше киімсіз жүріп, 9 жастағы қызына әдепсіз қылықтар жасаған. Ол анасы күтуші әйеліне қалдырған 4 жасар баланы да қинаған. Айыпталушы баланы өлтіру үшін оны бірнеше рет ұрған. Кейін мәйітті сөмкеге салып, жол бойындағы әжетханаға лақтырып тастаған, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сот айыпталушыны кәмелеттік жасқа толмаған балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету, азаптау және кісі өлтіру бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Ал әйелі марқұмға қорғау шараларын қабылдамағаны үшін 2,5 жылға сотталды.