Семейде 650 мың теңге иемденген алаяқ ұсталды

8729
көрілім
Шартты фотосурет

Семей қалалық Полиция басқармасы Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына бейтаныс қыздың алаяқтық жолмен ақша жымқырғаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз мәліметіне сүйнесек, 25 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, былтыр тамыз айының соңында Шалабай кентінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаймын деген сылтауымен 650 000 теңге сомасындағы ақша иемденгенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері 27 жастағы қызды анықтап жеткізіп, жауап алу барысында күдікті ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта күдікті адам криминалистік есепке қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.