Семейде № 35 бағыттағы автобуста жолаушылар санын анықтайтын есептеуіш іске қосылды

355
көрілім

Бүгіннен бастап Семей қаласында № 35 бағыттағы автобуста мінген жолаушылардың санын анықтайтын есептеуіш іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Есептеуішті қоюдағы басты мақсат - бағыттың тиімділігін анықтау. Санақты көлік колледжінің оқушылары өндірістік тәжірибе кезінде жүргізеді. Таңертеңгі мезгілде автобустар лық толы болса, түс мезгілінде жолаушылар саны азаяды, ал кешке қарай қайтадан жолаушылар саны артатыны байқалады. Қалалық әкімдіктегілер жолаушылар азайған уақытта қоғамдық көлік санын да азайтуға болатынын айтып отыр. Бұл «гармошка» деп аталатын автобустардың жүргізушілеріне дем алуға мүмкіндік береді.

- Өздеріңізге белгілі, қалада қаңтардың 20-нан бастап электрондық билет жүйесі енгізілді. Енді екі күннен кейін нәтижесін білетін боламыз. Электрондық билет жүйесі арқылы жолаушылардың нақты саны да белгілі болады. Таңертең және кешке жолаушылар саны артса, сағат 9.00 -10. 00-ден сағат 15.00 мен 16.00 арасында көліктегі адамдардың азайып қалады. Жолаушылар санын білу кез келген бағыттағы көліктің тиімділігін анықтау үшін маңызды. Осыған байланысты № 35 автобусты байқауға алып отырмыз,- дейді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің жетешісі Нұржан Есенжолов.

Ол сонымен бірге түс мезгіліндегі көліктер қозғалысын жолаушыларға қолайлы етіп қарастыру да қолға алынатытын айтып өтті.