Семейде 30-дан астам көппәтерлі үйді жаңарту жұмыстары жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстарын Шәкәрім даңғылынан бастау көзделген.
– Мұнда 19 үй сырланып, сыланады. Жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі, – деп толықтырды әкімдіктегілер.