Семейде алаяқ науқас қызды емдеймін деп 210 мың теңге иемденген

589
көрілім
Шартты фотосурет

Мамыр айының басында Семей қалалық полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық фактісі туралы хабарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
42 жастағы ер адам 2017 жылдың көктемінде бейтаныс әйел қызын аурудан жазамын деп уәде беріп, 210 мың теңгесін иемденгенін айтқан.
Жәбірленуші бейтаныс адамның емшілік қасиеті барын біле сала көмегіне жүгінген. Алайда емнің нәтиже бермегенін көріп, полицияға арыз жазды.
Құқық қорғау органдары дереу қылмысты ашуға бағытталған шаралар нәтижесінде 61 жастағы күдіктіні ұстады.
- Жауап алу кезінде ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Қазір оған қатысты келу міндеттемесі түрінде қылмыстық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - делінген ШҚО ПД таратқан мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.