33 жастағы семейлік әйел тәртіп сақшыларына шағымданып, алаяқтың арбауына түскенін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, 2018 жылдың желтоқсан айында жақын танымайтын әйел жедел жәрдемге фельдшер ретінде жұмысқа орналасуына көмектесемін деп, 350 мың теңгесін алып, хабарсыз кеткен. Ұзақ уақытқа созылған уәдеден кейін жәбірленуші тәртіп сақшыларына шағымданады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 44 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін әйел адамды ұстады. Күдікті бар кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.