Семейде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бөлу бойынша конкурс өткізіледі

668
көрілім

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Семей қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бөлу жөнінде конкурс өткізеді. Конкурсқа қатысуға өтінім 2017 жылдың 22 мамырына дейін қабылданады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Семей қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың 25 мамырында сағат 15.00 қатысушылардың ұсыныстары жазылған конверттер ашылып, 29 мамырда сағат 15:00 конкурстың қорытындысы шығады. Конкурстың өтетін мекен жайы: Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8 (қалалық әкімдіктің ғимараты).

Конкурсқа міндетті құжаттардың тізбесін ұсынған жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Мейрамбек Қосажан