Семейде батыр-шекарашы Раджан Батркановтың отбасына 1 миллион теңге берілді

469
көрілім

Семейде тәжік-ауған шекарасындағы қарулы содырлармен шайқаста  өз қатарластарын ажалдан құтқарып, ерлікпен қаза тапқан  батыр-шекарашы Раджан Батркановты еске алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Офицерлер үйінде "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігі қайтыс болғаннан кейін жауынгер-интернационалистің анасына ұйымның жоғары наградасы - "Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы - "Кеңес Одағының Батыры", Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы" естелік медалін табыстады. Салтанатты шараға офицерлер, сарбаздар мен әскерге шақырылушылар да қатысты.

- Ұлыңыздың іс-әрекеті ерлік пен батырлықтың айқын көрінісі. Ол біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де мойындалды. Раджанның медальмен мараптталауы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің сол жаста Кеңес Одағының Батыры атануының өзара символдық мәні бар, - деді  генерал-майор Махмут Телегусов.

Сондай-ақ ұйым атынан қаза тапқан батырдың отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетілді.