Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

638
көрілім
Семейде бес жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- 4 маусым күні 19:50-де Семейдегі он қабатты тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала пәтердің (2-қабат) терезесінен құлап түсіп, ауруханаға жеткізілген, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.