Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандары баспасөз конференциясын өткізді. Жиынға арқау болған тақырып – мемлекеттік тілді дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар.
Бөлім басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, бүгінде тіл саясатын іске асыруда әкімдіктің арнайы қаулысы бекітіліп, соған сай жұмыс істелуде.
– Бөлімге қарасты тілдерді оқыту орталығы бар. Бұл орталықтар өткен оқу жылында мемлекеттік тілді - 719 адамға, ағылшын тілін - 269, орыс тілін - 236 адамға тегін оқытты. Айта кететін жайт, орталықта жексенбілік мектептер де жұмыс істейді. Онда неміс, орыс, татар тілдері оқытылады, - деді ол.
Қалада ұлттық тілді қолдану аясы бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде өткен жылы қазақ тілін меңгерген тұрғындар саны-98%, ағылшын тілін - 8,5%, ал, үш тілде еркін сөйлейтін халық саны - 6,8% құраған.
Сөз соңында бөлімі басшысы Назерке Аққожина тіл заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті.