Ақпарат қаңтар айының 5-і күнгі бейнебақылау жүйелері мен әлеуметтік желілердегі материалдарға сүйеніп әзірленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, жинақталған материалдардан ашуға ерік берген жүздеген адам тәртіпсіздіктер, тонау және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге атсалысқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасалғанын көруге болады.
- Тәртіп сақшылары қаладағы құқықтық тәртіпті қорғап, заңсыздыққа қарсы шықты. Террористік шабуылдардың жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдарға тойтарыс беруі нәтижесінде 128 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алды, - делінген мәліметте.