Семейде елес кейпіне еніп, жұртты шошытқан қыз ұсталды

1543
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Тұрғындар сөзінше, кеш түсе шашы жалбыраған қыз түрлі дыбыстарды шығарып, өткен-кеткендердің үрейін алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға қаладағы жерасты өткелінде, қоғамдық орындарда, тіпті көшеде де жалғасты. Бірі жұмыстан, бірі оқу мен үйірмеден қайтса, енді бірі серуендеп жүріп, тылсым жайтпен ұшырастық деп айтқан. Кейбірі мұны телефонға түсіріп, оны желілерге таратты. Арасында ақ киімді адамның қылықтарына миығынан күлкендері бар. Видео жан-жаққа тарап, семейліктер бұған шара қолдануды талап етті. Көп ұзамай полицейлерге шағым түсті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, аппақ киініп, елес кейпіне енген 22 жастағы қыз.
-  22 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды, - делінген ақпаратта.
Көпті қорқытқан тұрғын сот қаулысымен кінәлі деп танылды. 69 мың теңге айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.