Семейде ер адам ішімдікке масайған әкесін балғамен ұрып өлтірген

578
көрілім

Семей қаласының тұрғыны ішімдікке масайған әкесін балғамен ұрып өлтірген. Бұл жайлы Семей қалалық №2 сотта қаралған іс материалдарында белгілі болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

1993 жылғы семейлік азамат түнгі уақытта әкесінің үйіне келіп, оның мас күйінде жатқанын көреді. Сол кезде екеуінің арасында жанжал туындап, әкесі баласын кеуде тұсынан ұрып жібереді. Соққы тиген жігіт бірден жерге құлап түскен. Ашу қысқан ол жерде жатқан балғаны көтеріп, бар күшімен әкесінің басына қарай лақтырады. Осымен тоқтамаған ұлы балғаны қайта қолына алып, ер адамның бас тұсына екінші соққы жасаған. Жәберленуші жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше күннен кейін есін жимастан қайтыс болды. Сот барысында айыпталушы:

Әкеме «арақты қой» деп талай мәрте айтсам да еш ұқпады. Осы үшін арамызда жиі жанжал туындайтын. Бұлай істегеніме қатты өкінем, – деп жауап берді.

Сот үкімі бойынша, сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.