Қараша айының ортасында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Семей қалалық полиция басқармасы Затон полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Toyota» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары ЖҚАЖ-мен бірлесіп қызмет атқару барысында Бородулиха ауданының 31 жастағы тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Одан әрі жүргізуші қалалық наркологияға жеткізіліп, қорытындысы жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті.
Тексеру барысында ер адамның осыған дейін мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 - бабы 1 – бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не осындай адамға көлік құралын басқаруды беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.