Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті

3470
көрілім

 Семей қаласында Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілген. Осыған байланысты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты құзырлы органдар барлық тиісті жұмысрды жүргізуде. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус.

Абай облысының ТЖД барлық жеке құрамы күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын орналастыратын жерлер анықталды.

 - Жағдай бақылауға алынды. Құтқарушылар тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге толықтай дайын болуы қажет. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданды.