Семейде Ертіске түсіп сергімек болған екі жігіт суға кете жаздады

624
көрілім

34 және 36 жастағы екі жігіт өздерінің достарымен бірге өзен жағасында демалып жүрген. Бұдан кейін жігіттер өзенге күмп беріп, өз шамаларына деген сенімдері артып кетсе керек. Судың температурасы қазіргі уақытта 10-12 градус аралығында болғандықтан, шомылу уақыты келмегенін екеуі аңғармаған секілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жігіттің өміріне қауіп төнгені туралы куәгерлер құтқарушыларды уақтылы хабар бермегенде, қайғылы жағдай орын алар еді. Бақтарына орай, құтқарушылар екеуі суға түскен аумаққа жақын жерде жүрген.

Біздің бөлімше қайықты суға түсіріп, ағыс бойынша алға бастады. «Медвеженок» аралына шамамен 60 метр жерде зардап шеккен екеуді байқап қалдық. Суда олар 10 минуттай болған. Демалып жүрген жерінен ағыстың қаттылығы екеуін біршама ағызып әкеткен екен. Өзеннің тереңдігі 4-5 метр еді. Біздің құтқарушылар жігіттерді судан алып шығып, қайыққа отырғызып алды. Жағдайлары жаман емес. Медициналық тексеруден өтуден бас тартты, – дейді Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы №7 бөлімшесінің жетекшісі Қуанышбек Байтуғанов.

Суға түсу маусымы жақындап қалғандықтан, құтқарушылар тағы да өңір тұрғындарына сақтық танытуды сұрайды.