Семейде әйел адам алаяқтың сөзіне алданып 6,5 миллион теңге ақшасынан айырылды

430
көрілім

Құқық қорғау қызметкерлері 42 жастағы қала тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жәбірленуші «Алматы қаласынан төмен бағада пәтер алып беремін» деген әйелдің сөзіне алданған. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін жәбірленуші оның туысқанының шотына 6 млн. 500 мың теңге ақша аударған. Алайда уақыт өте келе алаяқтың құрбаны болғанын түсінді.

– Анықталғандай, күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі күнде 42 жастағы алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз хатшысы.

Рүстем МҰҚАЖАНОВ