Тәртіп сақшылары зейнеткердің қалай мерт болғанын анықтауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– 24 қазан күні Первомайский көшесіндегі көпқабатты үйден әйелдің құлағаны туралы қоңырау келді. Алған ауыр жарақаттан 75 жастағы зейнеткер жедел жәрдем көлігі келгенше тіл тартпай кеткен. Қазіргі уақытта оқиға себебі анықталуда, – деді баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пәтерінде марқұмнан басқа ешкім болмаған.