Семей қаласында ірі сауда үйі отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.
«Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.
Өрттің жалпы ауданы айтылмады. Сондай-ақ тілсіз жаудың неден шыққаны да әзірге белгісіз.
semeyde_iri_sauda_uyi_ortenip_zhatyr
52