Семейде із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

508
көрілім

Семей қаласына қарасты Бөкенші ауылының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен соң туыстары полицияға хабар берген. Бірнеше күн өткен соң ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 10 ақпан күні полицияға әйел адам хабарласып, 1983 жылғы ұлы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп қайтып оралмағанын айтты, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - 14 ақпан күні үйге жақын маңнан ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша ол гипотермиядан қайтыс болған. Қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде.

Еріктілердің хабарлауынша, Асхат Әлімжанов 7 ақпан күні қабір қазу үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.