Семей қаласының «Техникалық институт» аялдамасында қалаішілік бағдардағы шағын автобустан өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт бактан шыққан екен. Мұны байқап қалған жолаушылар жүргізушіге хабар берген. Жүргізуші абырой болғанда жолаушылар көлігін бірден жол шетіне шығарып үлгерген. Осыдан кейін шағын автобустың жолаушылар сыртқа шығып, өртті сөндіруге кіріскен. Тілсіз жау ауыздықтала қоймағаннан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірер минуттың ішінде отты толық сөндірген.
Өрттің шарпу аумағы 0,5 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына от қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудың салдары себеп болуы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 8 өрт сөндіруші мен 2 арнайы техника ұмылдырылды.