Семейде қарсы бетке шығып, жолаушылар өміріне қауіп төндірген автобус жүргізушісі жазаланды

417
көрілім

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-алдын алу шарасы кезінде қарсы жолағына шығып, басып озған автобус жүргізушісі анықталды, деп Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Анықталғандай, құқық бұзған Семей қаласының 41 жастағы автобус жүргізушісі.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне (Қарама-қарсы көлік қозғалысына арналған жол бөлігіне шығып кету, оның ішінде кері бұрылу немесе бұрылыс жасау) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның санкциясында  алты ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы көзделген,– делінген мәліметте.

Жүргізуші өз кінәсін мойындап, оқыс әрекетке баруын басқа автобусты басып озғысы келгендігімен түсіндірді.