Семей қаласында тұрғындар үшін жаңа демалыс орны салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Бұл жоба келер жылы аяқталмақ. Өскемендегі сияқты жаңа орталық саябақты Семейде салу жоспарда тұр. Онымен қоса жағажайлар ашылады. Барлығын тұрғындарға ыңғайлы етіп жасаймыз, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жақында облыс орталығында «Самал» саябағы ашылған еді. Осындай демалыс орны семейліктерге де қарастырылып отыр.