Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

421
көрілім
Фотосурет arnapress.kz сайтынан

Семей қаласында қосымша шектеу шараларына сәйкес, 6 сәуірден бастап қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, маршруттағы автобустар саны 36% -ға дейін азаяды. Ал 7 сәуірден кейін қалаішілік маршрутта тек 68 қоғамдық көлік қатынайтын болады, яғни автобустар 80%-ға қысқартылмақ.

– Төтенше жағдай кезінде автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын infobus қосымшасы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар, – деп хабарлады әкімдіктегілер.