Семей қаласында дәрігердің нұқсауынсыз қызу түсіретін дәрі ішкен әйел өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 33 жастағы жүкті әйел дәрігердің нұсқауынсыз қызу түсіретін дәрі ішкен соң есінен танып қалған, - деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем медициналық станциясының баспасөз қызметі. - Науқасқа III-IV дәрежелі анафилактикалық шок диагнозы қойылды. Бұл сәтте ананың ғана емес, іштегі нәрестенің де өміріне қауіп төнген.
Жедел жәрдем қызметкерлері Роман Мерибаев пен Ержан Мұратов барлық реанимациялық шараларды дұрыс жасағандығының арқасында ана мен баланы өлімнен арашалап қалды.
- Арада 11 сағат өткенде әйел аман-есен босанып дүниеге ұл әкелді. Қазірі уақытта екеуінің де жағдайы жақсы, - делінген хабарламада.