Қазан айының 26-сы күні Семей қалалық полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына алданып, қомақты ақшасынан айырылғаны туралы мәлімет түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, маусым-қыркүйек айлары аралығында танысы ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде бергенін айтқан. Ұсынысқа жәбірленуші бірден келісіп, кейін ол 1 000 000 теңгені қаскөйге берген.
- Сол күні ұқсас қылмыс бойынша Семей қаласының 38 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Қазан айының ортасында қаскөй алдап сенімге кіріп, автокөлікті кепілден сатып алу сылтауымен оның ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал 500 000 теңге сомасына бағаланды, - делінген мәліметте.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 51 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты, ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, қылмыс жасағанын мойындады.
Полиция қызметкерлері қаскөйді ұстағаннан кейін алаяқтың алдауына түскен тағы екі адам полицияға жүгінді.
- Сол жылдың 27 қазанында Семей қ. ПБ Орталық ПБ 64 жастағы зейнеткер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесемін деген желеумен, күдіктінің 90 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгені туралы айтқан. Алаяқтың төртінші құрбаны 32 жастағы қала тұрғыны, ол схема бойынша жоғарыда аталған әйелдің 216 000 теңге ақша қаражатын иемденген, - дейді ПД өкілдері.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.