Семей қаласының тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
19 маусым күні Семей қалалық Полиция басқармасына әйел адам хабарласып өткен жылдың ақпан айында бір қыз «пәтер алып беруге көмектесемін» деп сан соқтырып кеткендігін айтты. Алайда 1 млн.350 мың теңгесін сеніп тапсырған әйел баспанасын сол күйі ала алмай жүр.
– Жедел іздестіру шаралары кезінде 27 жастағы жұмыссыз бикеш адамдарды алдап өзіне пайда түсіріп жүретіндігі анықталған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.