Семейде рұқсатсыз жерлеу рәсімін болдырмау бақылауға алынған

680
көрілім
Фотосурет stan.kz сайтынан

Зираттарға қызмет көрсету үшін биыл қалалық бюджеттен 1, 325 млн.теңге бөлінді. Бұл туралы жиын барысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев айтып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде Семей орналасқан 16 зираттың үшеу ресми түрде жұмысын жалғастыруда. Атап айтсақ, Павлодар тас жолының 18-ші шақырымы - 150 га, Знаменск тас жолы - 120 га және Алматы тас жолы (жолдың оң және сол жақтары)- 22,5 га. Қалған зираттар жабық деп саналады.

– Биыл ТҮКШ бөлімімен «Семей» көгалдандыру және көркейту бойынша МҚК жерлеу орындарына қызмет көрсету жөнінде келісім жасады. Жерлеуді тіркеу, рұқсатсыз жерлеуді болдырмау, сумен жабдықтау, қыс мезгілінде зиратқа кіре беріс жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде - дейді Амантай Өтелбаев.

Бүгінде жерлеу рәсімімен Семейде келесі мекемелер айналысады: «Шакабаев Б.», «Сколотович Л.», «Казритуал-сервис», «Костенко С.», «Рузеев Р» жеке кәсіпкерлері, «РС Акрополь», «Ритуал Семей» ЖШС, «Память», «Обелиск» ритуалды агенттіктері.