Семейде сатушы жұмыс берушісінің 3 млн теңгеден астам ақшасын иемденген

1817
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 14-і күні Семей қалалық полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС басшысы арызбен жүгініп, ұялы телефон ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 44 жастағы дүкен қожайыны 4-11 қазан аралығында дүкеннің 26 жастағы сатушысы жұмыс орнында тұрып 5 дана ұялы телефонды иемденіп кеткендігін жеткізген. Келтірілген залал шамамен 3 500 000 теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған күдіктіні жеткізіп, тергеу барысында кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ол ұялы телефондарды ломбардқа өткізген, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсады. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу.