Семейде сәби сүйе алмай жүрген әйелдерді емдеймін деп алдаған зейнеткер ұсталды

755
көрілім

Семейде 10 жылдан бері сәби сүйе алмай алмай жүрген әйелдерге бала көтертіп, бедеуліктен емдейтінін айтып талай адамды алдаған зейнеткер ұсталды. Ол бала сүюге ықпал ететін дұға оқып, бұл әрекеті үшін қомақты қаржы талап еткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

57 жастағы зейнеткерге алданған әйелдердің айтуынша, сенімге кірген алаяқ түрлі дәрі-дәрмектер берген. Алданған әйелдер сәбилі болу үшін несиеге ақша алып, үйлерін сатып, қарызданып, барлық ақшаны зейнеткердің қолына ұстатқан. Зейнеткер жасаған ем-домы үшін әр адамнан 3 миллион теңгеге жуық ақша сұрапты.

Зейнеткерге алданып, сан соғып қалған әйелдер саны 13 адамға жетіп отыр. Олар жалған емшінің дәрісін ішіп, денсаулықтарына залал келтіргендіктерін айтуда. Қазіргі уақытта Семей қалалық ІІБ-нің полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен тергеу амалдарын жүргізуде.