Семейде «TALQYLAU» алаңында - жастар мәселесі талқыланды

598
көрілім

Жастар және жұмыссыздық» тақырыбында «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті.
 Семей қаласындағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында өткен  шараға өңірдегі азаматтық қоғам белсенділері мен депуттатар, сала мамандары қатысты.  

Айта кетерлігі, «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңы Шығыс Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдағы түйткілді мәселелерді, халықтың проблемаларын қозғап, оның шешілуіне ықпал етуді мақсат еткен жиында қоғам белсенділері ойларын ашық айтып, шешілу жолдарын қарастырды.
Шараны облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы  жастар қанатының ШҚО филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш жүргізіп, қоғамның басты қозғаушы күші саналатын жастардың мәселесіне тұздық ретінде ойын ортаға салып отырды.
Жиынның мақсаты өзекті мәселелерді қоғамдық талқылауға салып шешу жолдарын бірлесе қарастыру. Біз бұл бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз.  «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңында қоғамдағы өзгеде өзекті тақырыптарға байланысты пікір алмасулар болады,- деді шараның модераторы.


Өңірдегі қоғам белсенділерінің ойы мен пікірі бір арнада тоғысқан келелі кездесуде  жастар мәселелерінің шешілу жолдары да жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, олардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен мамандық таңдаудағы немқұрайлылығы айтылды. Сондай-ақ оларға қатысты идеологиялық жұмыстардың кемшін тұстар сараланды. Жастардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасудағы кедергілер әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар спикерлер 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық рефрендумға қатысты да пікірлерін білдірді.
«Өңірімізде алғаш рет өткізіліп жатқан «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңын да жастар мәселесі көтерілді. Мұндай алаңдарда қоғамдағы өзекті мәселелердің ортаға салынып талқылануы өте дұрыс бастама. Себебі біз кез-келген түйткілді мәселелерді тек талқылап қана қоймай оның шешу жолында бірлесе іздейтін боламыз. Бүгінгі отырыста қатысушылар тарапынан және тікелей эфир арқылы желі қолданушыларынанда көптеген сұрақтар келіп түсті.  Азаматтардың сұрақтарына барынша жауап беруге тырыстық,- дейді ШҚО мәслихатының депутаты Айбек Нұғұмаров.
«TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының отырысы партияның облыстық филиалының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы таратылды. Желі қолданушылары тақырып аясында отырыс қатысушыларына сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.