Семей қаласындағы көпқабатты үйдің жертөлесінен сілеусін табылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қаладағы ветеринариялық қызметке «Океан» сауда орнының маңайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде сілеусін жүргендігі туралы ақпарат келіп түскен. Мамандар дереу көрсетілген мекен-жайға кетіп, 6 сағат ішінде жабайы аңды ұстады.
- Ветеринариялық қызмет мамандарының кәсіби әрекеттерінің арқасында сілеусін қолға түсіп, қауіпсіз жерге көшірілді. Өкініштісі, сілеусін 20-дан астам мысықты қорек еткен, - деп хабарлады ШҚО АЖҚ қоғамдық бірлестігі.
Айта кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде Семей қаласының көшелерін кезіп жүрген сілеусіннің видеосы тараған болатын.