Дегенмен егжей-тегжей жоспарына сәйкес барлығы 13 000 жер телімдері резервке алынды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз-конференциясында Семей қ. жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Семейде қаланың бас жоспарын бекіткенге дейін құрылысқа арналған жер телімдерін беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бекітілген жоспарға сәйкес Семей бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жалпы көлемі 4070,3 га құрайтын 10 тұрғын үй массиві қарастырылған, жер учаскелерінің саны – 13 715. Ұшақтар және Комсомол тұрғын үй массивтеріне коммуникациялар тартылды.
- Былтыр «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-ға «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 10 жер учаскесі берілді. Ол жерлерде жалпы алаңы 1 142,0 шаршы метрді құрайтын 10 жеке тұрғын үй салынды. Пайдалануға берілгеннен кейін олар ТҮКШ бөлімімен конкурс негізінде сатып алынды, - деді Құдайберген Сейілханов.
Қалған жер учаскелері «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын одан ары жүзеге асыру үшін резервке алынды. Сонымен қатар биыл кезекте тұрғандарға 48 жер учаскесі беріліп, қазіргі уақытта олардың 31 учаскесі рәсімделді.