Семей қалалық Полиция басқармасының Әуезов полиция бөліміне 36 жастағы ер адам қоңырау шалып, өзінің танысы ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, келтірілген залал 60 000 теңге.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 28 жастағы қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Іс бойынша ломбардтан кепіл билеті алынды, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.