Бұл жайлы Ақпарат орталығындағы баспасөз конференциясына қатысқан шаһар әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
«2025 жылға дейінгі инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Семейде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі – көлік қатынайтын жаңа көпір салу. Бұл мақсатқа 33,2 млрд теңге жұмсалмақ», - деді ол.
Қазіргі уақытта жаңа мешіт маңында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынған. Өткелдің ұзындығы - 48 метр, ені - 2,5 метр, биіктігі - 5,3 метр.
«Бұл өткел халықтың сұранысы бойынша салынды. Осылайша, тұрғындарға мешітке жету ыңғайлы бола түсті. Жерүсті өткелі мешіттің сәулетіне сәйкестендіріліп жасалған», - деді Бақытжан Байахметов.