Семейде жаңажылдық кросс өтті

493
көрілім

Жылдағы дәстүрмен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының жаңажылдық «Денсаулық көпірі» кросы биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Жақылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған кросс ұжымның берекесі мен бірлігін айқындап тұрғандай. Дәстенов көшесіндегі спорт академиясынан шыққан жаттықтырушылар-оқытушылар, спортшылар жыл сайын Семейдің аспалы көпірінің сол жағалауына дейін жүгіріп, көпке үлгі болып келеді.

Дәл осы жерде Жаңа жылды ұжым болып қарсы алып, ізгі тілек білдіру де өзгермейтін қағидаға айналған. Акедемия директоры, білікті басшы Мерейғалы Көшкінов биыл да ұжымды Жаңа жылмен құттықтап, жеңісті күндеріміздің көп болуын тіледі. «Денсаулық көпірі» кросына белсене қатысқандар марапатталып, спортшылар Жаңа жылдық сыйлыққа кенелді.