Семей қаласында реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері 11 маусым күні түнгі сағат 01.45-те Селевин көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қаққан жүргізушіні анықтап, қолға түсірді.
– Жол-көлік оқиғасынан із суытқан жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған, - дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдос Закимов.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалған. Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.