Семейде жоғалған 9 жастағы бала аман-есен табылды

872
көрілім
Фотосурет: Абай облыстық ПД

Абай облысында 19 шілде күні із-түссіз жоғалып кеткен 9 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 
Кеше полицейлер іздеу жұмыстары нәтиже бермей жатқан соң жергілікті тұрғындар мен еріктілерді де іздестіру жұмыстарына жұмылуға шақырған болатын.

-Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығында тапты, – деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семей қаласында тоғыз жасар Мәненов Әлинаур Ерланұлының жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, жоғалған бала 19 шілде күні түстен кейін Театр көшесіндегі №11-үйден белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.