Семейде «BMW» және «Лада» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, олардың бірі — екі жасар бала, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, «Лада» маркалы автокөлікке «BMW» келіп соғылған. «Ладада» отырған жолаушылар қаза тапты. 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Оның 24 жастағы қызы мен екі жасар немересі ауруханада қаза тапты.
«Лада» жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. BMW көлігін 26 жастағы жас жігіт басқарған. Ол ешқандай жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері оқиғаның шығу себептері мен кінәліні анықтауда.